Референдумды өткізудің маңыздылығы

 

Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары Мәди Елубаев, Юлия Кучинская және Асқарбек Үйсімбаев Ақмола облысындағы Бурабай ауданының Кіндік-Қарағай ауылындағы сүт-тауар фермасы ұжымымен кездесті. Онда мәжілісмендер ферма жұмысымен танысып, референдум өткізудің маңыздылығы туралы айтты.

🔹«Реформалар атқарушы органдар басшыларымен билік өкілдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы байланысты күшейтеді», — деді Мәди Елубаев.

Депутат Асқарбек Үйсімбаевтың айтуынша, 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан Конституциялық реформа тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да оған еліміздің барлық азаматтары қатысуы маңызды.

Халық қалаулыларымен кездескен ауыл тұрғындары зейнет жасын төмендетуге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, шабындық және жайылымдық жер мәселесін де көтерді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий