РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН 2200 ШЫНЫ «ШЫМКЕНТ ШАЙЫ» БЕРІЛІП, РЕКОРДҚА ҰСЫНЫЛДЫ  

 

Наурыз мерекесі қарсаңында өткен «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәрмеңкесіне келуші қала тұрғындары мен қонақтары 2200 шыны «Шымкент шайынан» тегін дәм татты. Қаланың 2200 жылға жуық тарихы шеңберінде іске асқан шара – Қазақстан Рекордтар кітабына (Қазақстандық Ақпараттық-Энциклопедиялық анықтамалық) енгізу бойынша, гастрорекордқа ұсынылды. «Ahmad tea» өндірушілерінің қолдауымен дайындалған шай, жалпы, 2200 адамға таратылды.

 

Айта кетерлігі, ертеректе ресторан өкілдерімен өткен кездесулердің бірінде ресторан басшылығы мен қала тұрғындары тарапынан сусындар мәзірінде «Шымкент шайын» қолдану бойынша ұсыныс айтылған болатын. Бұл тұрғындар ұсынысын Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров қоғамдық тамақтану орындарына жеткізіп, олар бірауыздан қолдаған болатын. Қазірде «Понтос», «Мизам», «Jam Bakery», «Quvshin» сынды бірнеше кафе-ресторанда «Шымкент шайы» ұсынылуда.

 

Жалпы, Шымкент қаласында алғаш рет жүзеге асқан шара – жергілікті қоғамдық тамақтану орындарының бәсекелестігін арттырып, сервистік қызметтің жандана түсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мерекелік шараларда немесе қалаға саяхаттаушы азаматтардың көптеп келуінде дәмді тағамдарымен өз деңгейлерінде қамтуға дайын болуына тәжірибе болып табылады.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий