
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының партия активінің отырысы өтті. Актив отырысына Шымкент қаласының әкімі, партия филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы Мәслихатының хатшысых Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ саяси кеңес мүшелері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Актив отырысында «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушысы хатшысы Жанар Бектаева Жолдаудың маңыздылығына жан-жақты тоқталып, алда тұрған міндеттер туралы мазмұнды баяндама жасады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Кожамжарова мен т.ғ.к., доцент Бахадыр Айтайлар жарыссөзге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Актив жиынында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, қала әкімі Мұрат Әйтенов партия филиалына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтсам, партия филиалдарының барлық Қоғамдық кеңес отырыстарында, БПҰ-ы мен актив жиналыстарында Жолдауда баяндалған Мемлекет басшысының шешімдерін талқылап, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу, халықпен кері байланысты күшейту мақсатында фракция мүшелері қаламыздағы шалғай елді мекендерге барып, сайлаушылармен тұрақты түрде кездесулер өткізу, мемлекет басшысы ұсынған реформаларды жүзеге асыру мақсатында Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнату және мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.