
Бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының жоспарына сәйкес Мақтаарал ауданында «Түркістан облысында балалардың құқықтарын қорғау және аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мұндағы мақсат пен міндет: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету және күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұруына көмек беру туралы жұмысын жандандыру.
Сондай -ақ, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
— жасөспірімдерді ішкі сезімдерімен жұмыс жасауға дағдыландыру;
— Педагог-психолгтарға жасөспірімдердің өз бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу.
Семинар-кеңеске Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала бөлімінің бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссиясының хатшысы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Мақтарал аудандық әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасполатович, Мақтаарал ауданының прокуратурасы, полиция, ішкі саясат бөлімдері мен емхана қызметкерлері және облыстың Қазығұрт, Жетісай, Келес,Сарыагаш аудандарының білім бөлімдерінің басшылары 17 ауданның жауапты әдіскерлері, мамандары мен білім ұйымдарының басшылары, педагог-психологтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинарда Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқытарын қорғау жөніндегі комиссия және ведомствоаралық жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала бөлімінің бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссиясының хатшысы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Облыстағы педагог-психологтардың жұмыстары мен озық тәжірибелер туралы «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Ғазиза Тлеубердиевағ. Мақтаарал ауданындағы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алуы бойынша 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серикбаев Муратбек Тулапович, Облыста балалардың құқықтарын қорғау саласында атқарылатын жұмыстар және нормативтік құқықтық актілер туралы облыстық адами әлеуетті әлеуетті дамыту басқармасының Кәмлетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгүл Ерхалиқызы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жанынан құрылған «Сенім» мобильдік тобының 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстары баяндалды. «Түпсана күші арқылы адамның дамып жетілу дағдысын арттыру» тақырыбында ойын жаттығулар, «Тиімді аффирмация арқылы түпсанаға әсер ету» тақырыбында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің психология қызметінің әдіскері Нуртаева Мейрамгуль Танирбергенқызы хабарлама жасап, «Арт терапия: шығармашылық арқылы адамның психоэмоционалды жағдайына әсер ету» бойынша психологиялық қызмет көрсету әдістері мен техникаларын жасөспірімдерге қатысты аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы бойынша мәселелердің шешу жолдарын талқылап, ұсыныстар айтты.
Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, нәтижелі жұмыс жасаған білім қызметкерлері мен педагог-психологтар алғыс хаттармен марапатталды.
АК ақпарат