
Болат Өтемұратов Қоры «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасын түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында бастады. Бағдарламаның міндеті – 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту. Балаларға мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдылар: қарым-қатынас дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту.
26 шілдеден бастап мұғалімдер — «Jas Leader Akademiiasy» жаттықтырушыларды оқыту бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Бір ай ішінде Түркістан мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының 50 пилоттық мектебінен 100 мұғалім тренингке қатысады, олар факультатив бағдарламасымен танысады және курсты жүргізу ерекшеліктерін оқып біледі. Әдістемелік құралдар қазақ мектептерінің мұғалімдері үшін қазақ тілінде арнайы әзірленген. Тренингте оқыту барлығына уйреншікті лекция нысанында емес, түсінікті, интерактивті түрде өтеді.
«Бірінші күнгі жаттығулардың бірі маған өз кәсібіме жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті, енді мен оқушыларыма жай мұғалім ғана емес, сонымен қатар тәлімгер бола аламын», — дейді Түркістаннан келген оқыту тренингінің қатысушыларының бірі өз әсерлерімен бөлісті.
Тренинг аяқталғаннан кейін мұғалімдер өз мектептерінде «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы бойынша факультативтік сабақтар өткізе алады және одан әрі жұмыс істеу үшін келесі оқу жылында 5-11 сынып оқушыларына арналған толық материалдар пакетін алады.
Аталған бағдарламада мұғалімнің рөлі ерекше көрсетілген. Біздің бағдарламада жаттықтырушы қатысушыларға басымдық бермейді, олармен бір деңгейде орналасады. Ол «жоғары тұрған – төмен тұрған» позициядан емес, «теңге тең» позициясы бойынша әрекет етіп, оларға материал алуға, білім мен тәжірибе жинауға көмектеседі», — дейді Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.
«Jas Leader Akademiiasy» бойынша бірінші болып Түркістан мен Түркістан облысындағы және Шымкент қаласындағы 15 мыңнан астам бала оқуды бастайды. Алдағы бес жылда бағдарламаның географиясы Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарымен біртіндеп кеңейіп, бағдарламаның жалпы бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрайды.
АК ақпарат