Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 36 942 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.
Есепті кезеңде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 96,5 млн. теңгеге 2 805 протездік-ортопедиялық құралдар, 164,0 млн. теңгеге 2 130 сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және 700,6 млн. теңгеге 9 602 міндетті гигиеналық құралдар, 370,0 млн.теңгеге 2 689 шипажай орындарына емделу үшін жолдама, 762,1 млн. теңгеге 2 400 ымдау мамандарының және жеке көмекшінің қызметтері, 121,7 млн. теңгеге 1 124 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігінің қызметтері көрсетілді. Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берулеріне қол жеткізілді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжанов Бақытжан Серікжанұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий