МУЗЕЙ МЕН УНИВЕРСИТЕТ БАЙЛАНЫСЫ

Loading

— 01
📢 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан — жаңа әлемде» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

📌 Аталған конференция барысында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Жаңа Қазақстан — жаңа әлемде» тақырыбында музей қорындағы жәдігерлерден көрме жасақтады. Отыз бірінші жылға аяқ басқан тұғырлы Тәуелсіздігіміздің тарихынан сыр шертетін көрмеге экскурсия жүргізілді.

🔗 Музей директоры, Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры Акмарал Кудайбергенова сөз сөйлеп, музей мен университет байланысын атап өтті.

🖇️ Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияны музейіміздегі қоғамдық ғылыми-тәжірибелік кеңестің төрағасы, «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гульнар Жанысбекова ұйымдастырды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий