МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТЕСТІЛЕУ РӘСІМІ МЕН ТӘРТІБІ

Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің арнайы тестілеу залдарында компьютерлерде өткізіледі.
Тестілеуге ЖСН бар ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі. Тестілеу залына кандидат қолхатта көрсетілген уақыттан кешікпей келуі тиіс.
Залдар ұялы байланыс сөндіргіштерімен жабдықталған, тестілеу процесін тестілеу орталығының қызметкерлері бақылайды. Компьютерлерде веб-камералар орнатылған, олар тестілеу процесін жазып, сертификат алу үшін суретке түседі.
Тестілеуден өтетін адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қағаз, электрондық және өзге ақпараттарды қолдануға болмайды. Электрондық құрылғыларды (ұялы телефондар,өзге электрондық жабдықтар) пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тестіленуші осы талаптарды бұзған жағдайда, оператор тестілену процесін тоқтатып, оны тестілеуден шығарып жібереді. Оператор бұзушылық туралы акт жасайды және тестілеу нәтижесі жойылады. Мұндай жағдайда азамат қайта тестілеуге 6 айдан кем емес мерзімнен кейін ғана жазыла алады.
Тестілеу уақыты біткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік тестілеу бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.

АК ақпарат 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий