Мемлекеттік органның ішінде этикалық нормаларды түсіндіру бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінде (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексі бойынша Департамент ішінде қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді, онда өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында сақталуы тиіс Департамент қызметкерлерінің моральдық қасиеттері мен міндеттемелері қарастырылды.
​«Этика нормаларын сақтау — мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті» қағидатын негізге ала отырып, семинарда мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынас және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алу сияқты көптеген аспектілері қозғалды.
​Департамент басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне ерекше назар аударды.
​Бұл Кодексте мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп көрсетілген.
​Осыған байланысты департамент басшысы өзінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуді және мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджінің бұзылуына жол бермеуді ұсынды.

АК ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий