КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

 

Президент Жолдауын іске асыру мақсатындағы кезекті жиын «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының ұжымында өтті. Кездесуге Шымкенттегі корей этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Роза Пак қатысып, Президент Жолдауындағы нақты міндеттер мен тапсырмалар төңірегінде ойын жеткізді.
-Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды құжат. Онда отандастарымыз көптен күткен іс-шаралар қабылданды. Мәселен, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Мені бұрыннан ұстаз ретінде білім беру мәселесі толғандыратын. Енді елімізде «Жайлы мектеп» атты жаңа ұлттық жоба қолға алынды. 2025 жылға дейін республикада 800 мың студенттік орын ашылады. Бұл апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Мен шымкенттіктердің Жолдауды жүзеге асыру ісін қолға алғанына қуаныштымын. Ал, бизнеске, атап айтқанда, өнеркәсіп саласына келер болсақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілмек. Енді бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке көбірек қаржы түседі деген сөз, — деді Р.Пак.
Кондитер фабрикасының жұмысшылары құнды ақпарат үшін қонақтарға алғыстарын білдіріп, Жолдауда айтылған нақты бағыттар қазақстандықтардың мақсат-тілектеріне сай келетінін атап өтті. Олар өз тараптарынан қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий