
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он үшінші сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді. Бірлескен мәжілісті Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 13 мәселені қарады. Олар:
1. «Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 26 қыркүйектегі №38/312-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
2. Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы;
3. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары және материалдық техникалық жабдықтау жағдайы туралы;
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы;
5. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту шаралары туралы;
6. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/297-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8. Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2022 жылға арналған күнтізбелерін келісу туралы;
9. Шымкент қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
10. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін жүзеге асыратын тұрақты комиссия төрағасын айқындау туралы;
11. «Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының штат құрылымы туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/27-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясын өткізуді жоспарлау туралы;
13. Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының есеп комиссиясы туралы.
Аталған мәселелер бойынша халық қалаулылары тарапынан біршама ұсыныстар енгізіп, сессияның күн тәртібіне ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік кезекті 13 сессия, ағымдағы жылдың 18-ақпанда күндізгі сағат 10:00 де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етеміз.
АК ақпарат