
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясы өтті. Жиында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 4 мәселені қарады.
Олар:
1. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. «Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/625-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларына жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы.
4. Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.
Сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылар баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар қойып, тиісті шешімдер қабылдады. Сессияда сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша және қаланың дамуына елеулі үлес қосатын маңызды шешімдер қабылдануына қолдау жасағандары үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қала мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және партиялардың фракция отырысында егжей тегжейлі зерделеніп қаралып, бір ауыздан қабылданды.
Сессияда Қаратау ауданының әкімі лауазымына Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы тағайындалды
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі