
Шымкент қаласында екі
газ құю бекеті бар:
1.Эконұр — №1 жол бойында орналасқан. Газ құю бекетінің өңдірістік қуаттылығы —200 автобус.
2.КазТрансГаз Ордабасы индустриялды аймағында орналасқан. Бекеттің қуаттылығы —190 автобус. Осы жылдың желтоқсан айында қуаттылықты арттыратын қосымша компрессорды қосып, 100 автобусқа қуаттылғын арттыру көзделуде.
3.Сонымен қатар үшінші газ құю бекетінің құрылысы жүргізілуде. Ол «Shymkent Bus» автобус паркінің аймағында орналасқан. Жер учаскесі алынып, қажетті құрал-жабдықтарға толық тапсырыс берілді. Бұл бекеттің қуаттылығы —240 автобусқа жоспарланған.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы.