
Тұрақты комиссия төрағасы Исабеков Данабек төрағалық етіп, мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі екі мәселені талқылады. Олар:
1. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары және материалдық техникалық жабдықтау жағдайы туралы;
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы.
Бірінші мәселе бойынша баяндамашы Шымкент қаласы полиция департаментінің бірінші орынбасары Алтаев Мұрат Мемлекет басшысының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз етуде сервистік моделге көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау, Шымкент қаласын «қауіпсіз қала» ету мақсатында жұмыстар атқаратындығын және департаменттің материалдық техникалық жағдайын нығайту жайында баяндама жасады.
Өз кезегінде комиссия мүшелері ұсыныстары төңірегінде тиісінше сауалдар қойып алдағы бірлескен тұрақты комиссияда қосымша зерделенетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бейсембаев Аманбек баяндамасы тыңдалды. Есепті кезең ішінде Департаменттің жедел қызметтері екі жарым мыңнан астам шығулар жасағанын тілге тиек ете отырып, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы ұсыныстары мен жұмыстарын айтты. Аталған мәселелер бойынша комиссия мүшелері біршама ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, азаматтық қорғанысты нығайту, көктемгі су тасқынына қарсы дайындығын және «2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы» аясында маңызды мәселелерді көтеріп, алдағы бірлескен тұрақты комиссияда толыққанды баяндама жасау керектігі ескерілді.
АК ақпарат