Жылумен қамтамасыз ету саласы бойынша

 

 

 

Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ-ы мен «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты жылу қазандықтар жылу беру маусымда қалыпты жағдайда тұрақты жұмыс атқарды.

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1945 көпқабатты тұрғын үйлер мен 482 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу берілді. 

Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 83,4 мың тонна, толық қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:

— бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК) қажетті 5,8 мың тонна (100%).

— Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 77,6 мың тонна (100%).

Қаладағы ауыз су, электр, жылумен және табиғи газбен жабдықтау объектілерінде келеңсіз жағдайлар орын алмады.

Шымкент қаласында 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап аяқталды. 

Жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету мақсатында қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда:

2022 жылы — 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру, 20 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі кезде, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

1. Жылу құбырын қайта құру жұмыстары (Адырбеков көш.) — 1 938 млн. теңге;

2. «ОНС-4» сорғы стансасын қайта құру — 84 млн. теңге;

3. «К-4» сорғы стансасын қайта құру — 153,9 млн. теңге;

4. Жылу құбырын қайта құру жұмыстары (Гагарин-Громов-Абая көш) — 861,2 млн. теңге;

5. Жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары — 3 600 млн. теңге.

 

  Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді.  

 

 

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий