ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚЫЛЫ ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛДЫ

Loading

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қаладағы индустриалды-техникалық колледжі түлектерімен кездесіп,
жастарға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасының тиімділігі мен талаптарын түсіндірді.

— «Жастар практикасы»-мамандық бойынша жұмыс тауып,тәжірибе жинақтаудың жолы. Уақытша жұмыс орнының бірден бір тиімділігі, тәжірибе жинақтап жатқан жұмыс орнында тұрақты жұмысқа да қалуға мүмкіндік бар-дейді орталық директорының орынбасары Б.Толыбаев

Кездесуде жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Б. Толыбаев және Әл-Фараби ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б. Алиханов техникалық мамандықтардың иелерінің сұрақтарына жауап беріп, мемлекет ұсынған бағдарламалардың мүмкіншіліктерін кеңінен айтып өтті.

Айта кетсек, жастар практикасы -жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын мемлекеттік бағдарлама. Талапқа сәйкес, бағдарлама қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс, «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек және соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий