
📌 Шымкент қаласының тұрғыны, жас маман Ирада Алиева 2022 жылдың мамыр айынан Жастар практикасы” бағдарламасымен қалалық денсаулық сақтау басқармасының “Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы” МКҚК-да мейірбике болып жұмыс істеп жүр.
Ол 2020 жылы “Авиценна” колледжін “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломын қолға алғанымен өз мамандығымен жұмыс таппаған ол ағымдағы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығына келеді. Жұмыссыз жас ретінде тіркеуге алынып, мамандығы бойынша жоғарыда аталған медицина мекемесіне жолдама беріледі.
📌 Жалпы, 2022 жылы 2000-нан астам жасты “Жастар практикасымен” жұмысқа жолдау жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-ға тарта жас жолданып, олар жұмыстарын жасауда
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова