Жастар аманат партиясын толықтырды.

 

Бүгін «AMANAT»-тың Орталық аппаратында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да түрлі сала өкілдері және белсенді жастар «AMANAT» қатарын толықтырды.

Салтанатты рәсімді ашқан «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия – бұл ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы екенін атап өтті.

«Қазір партия трансформациялану кезеңінде. Бұл ретте «AMANAT» еліміздің басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдағы тірегі болып қала береді. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси реформалар пакетін жариялап, еліміз өзгерістер жолына түсті. Маусым айында жалпыхалықтық референдум өтеді және оған әрбір партия мүшесінің, әрбір азаматтың қатысуы – біздің ортақ борышымыз», — деп атап өтті А.Оралов.

Атқарушы хатшы «AMANAT»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді.

◽️Бүгін партия қатарына қосылғандардың арасында – тележурналист Мақсат Толықбай, «Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев, «Әділет» республикалық қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, «Қорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұргүл Байқазақова, «Комфортстрой» ЖШС бас директоры Бекзат Мырзахмет және тағы басқалар бар.

Партия қатарына қабылдау «AMANAT»-тың барлық өңірдегі филиалдарында өтіп жатыр.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий