«Е-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Loading

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын іске қосты. Қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.
Сала мамандарының айтуынша, жаңа мобильді қосымша бірқатар салық рәсімдерін жеңілдеткен.

Атап айтқанда:
1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар.
Салық төлушілер үшін қолжетімді жаңа жүйені алдағы уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтарына да ыңғайлы ету жолдары қарастырылуда, дейді мамандар.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Султаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий