
Бүгін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасына бітіруші түлектерді қатысуға шақыру мақсатында кездесу өтті.
Кездесу Шымкент қаласындағы Тамақтану индустриясы және сервис колледжі колледжінде ұйымдастырылды. Аталған кездесуге жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев,орталық қызметкерлері мен оқу орны түлектері қатысты.
Жалпы, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.
Бағдарлама талабына сай:
— қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек.
— соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.
Былтырғы жылы 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасты.