
Бұл жолы жұмыспен қамту өкілдері қаламыздағы Энергетика және байланыс колледжінде өз жалғасын тапты.
Колледж түлектеріне бағдарламаның тиімділігі мен талаптары түсіндіріліп, жастардың сұрақтарына қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев, директордың орынбасары Ш.Әсет нақты жауап беріп, мемлекет ұсынған ақылы жұмысқа қатысуға шақырды.
Жастар практикасы -жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын мемлекеттік бағдарлама. Талапқа сәйкес, бағдарлама қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс, «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек және соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғарғы оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.
Мұндай ақпараттық-насихаттау кездесулері алдағы уақытта та бекітілген арнайы кездесу кестесіне сай өткізу жоспарлануда.
Айта кетсек, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.