ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 12 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Еңбекші ауданында тозығы жеткен көпқабатты 24 үйдің аулалары жөнделіп, балалар ойын алаңшалары жаңарады.

Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында биыл 17 ашық спорт алаңшасын салу жоспарда бар.

Бұл туралы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде айтты.

Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан аумағында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 94,5%-ды құрайды.

Электр жүйесімен қамту көрсеткіші 95,6%-ға жетіп, табиғи газбен қамту көрсеткіші 90%-ды құрайды.

Еңбекші ауданында 2021 жылға 59 көшені асфальттау (58,9 шақырым орташа жөндеу), 14,5 ш/қ аяқжол салу, 30,6 ш/қ шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланды.

Ауданның орталығындағы магистралды 4 көшеге 6,9 ш/қ және қала ішілік 14 көшеге 6,6 ш/қ орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 9 көшеге 5,2 ш/қ аяқ жол салынуда.

Қалаға қосылған шалғай аумақтарға да басымдылық берілуде, 41 көшені асфальттау (44,5 ш/қ) жұмыстары жүргізілуде:
Жұлдыз аумағында 17,3 ш/қ-ды құрайтын 19 көшені асфальттау жүргізілуде және 2 көшеге 2,5 ш/қ аяқ жол салынуда.
Қаратөбе аумағында 18 ш/қ-ды құрайтын 17 көшені асфальттау жүргізілуде және 3 көшеге 2,8 ш/қ аяқ жол салынуда.
Қазығұрт аумағында 10,1 ш/қ-ды құрайтын 5 көшені асфальттау жүргізілуде және 2 көшеге 2,3 ш/қ аяқ жол салынуда.

Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, биыл аудан аумағында 36402,6 млн. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба мен 607 жұмыс орнын іске қосылу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий