
Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі- Министрлік) 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарына арналған Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасын әзірледі. Биыл Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын 2021 жылы 22 мамырда «Оқу жылының қорытындысы» туралы тақырыбында өткізу көзделіп отыр.
Жалпы, Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты –ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата-ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей-тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру. Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы 22 мамыр 2021 жыл (икемді кесте бойынша) өтеді. Өткізу уақытын әр білім беру ұйымы өзі анықтайдтын болады, сондай-ақ, онлайн жиналыстың Өткізу форматы: әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты: онлайн немесе дәстүрлі форматта — педконсилиум. Аталған республикалық жиынға ата-аналар (балалардың заңды өкілдері), педагогтер. Сонымен қатар, Әрбір мектеп ата-аналар жиналысын өткізу кезінде оны өткізудің тиісті форматын айқындайды және ата-аналарды алдын ала хабардар ететін болады.
Айта кетейік,1 формат – дәстүрлі. Штаттық және аралас режимде оқитын мектептер үшін ұсынылады. Оған қоса, ата-аналар жиналысын педконсилиум түрінде өткізу ұсынылған, ал Педконсилиумның ерекшелігі: әрбір ата-ана барлықпедагогтермен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оныңпәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алады. Педконсилиумның өтетін орны: мектеп холы, сыныптар.Педконсилиумды екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады.
1 бөлім — сынып жетекшінің баяндамасы (жалпы ұйымдастырумәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім — баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата-
ана мен мұғалімнің жеке сөйлесуі. Әр ұйымда өткізу уақыты әртүрлі болады. Сонымен қатар, сыйымдылықты асырмау және арақашықтықты сақтау мақсатында әр параллельге әр түрлі уақытты белгілеу қажет. Ата-ана қажетті мұғалімді еш қиындықсыз таба алуы үшін әр мұғалімнің үстелінде оның аты-жөні мен пәні жазылуы керек. Ата-ана мұғалімге келіп, баласының осы пән бойынша үлгерімі, оның сабақтағы мінез-құлқы және т.б. туралы өз сұрақтарын қояды. Педагогтер ата- аналардың сұрақтарына өздерінің педагогикалық бақылауларына, оқушының қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша жауап береді.
Педконсилиумды өткізуге қойылатын талаптар
1. Консультация әрбір ата-анамен жеке жүргізіледі.
2. Консультация барысында барлық мүдделі тараптарға оқытылатын пәннің сапасына қатысты өз пікірін және көзқарасын білдіруге мүмкіндік беріледі.
3. Педагогтер консультация тақырыбына қатысты жауап беругедайын болулары керек.
4. Консультация жағымды атмосферада және кикілжіңсіз өтуі керек.
5. Консультация барысында ата-аналарға бала туралы мүмкіндігінше жағымды ақпарат беріп, баланың мектептегі орын алатын қиындықтарына тоқталған орынды.
6. Консультация барысында ата-аналарға өз пікірлерін айтуға, бала тәрбиесіндегі қиындықтарымен бөлісуге мүмкіндік беру керек.
7. Консультацияда ата-аналарға/заңды өкілдерге балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша нақты ұсыныстар берілуі тиіс.
8. Консультация баланың оқуында оң өзгерістерге ықпал ететіндеймазмұнды өтуі тиіс.
9.Консультация нәтижелері бөтен адамдардың талқылауына айналмауы керек.
2 формат – онлайн. Аралас және онлайн форматта оқитын
мектептерге ұсынылады Онлайн форматта ата-аналар жиналысын екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады:
1 бөлім – жалпы (сынып жетекшінің ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылауы: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғықоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім — ата-аналарды «ZOOM» платформасына кезек-кезек қосуарқылы педагогтермен жеке сөйлесуі. Қажет болған жағдайда ата-аналарды әр педагогке жеке қосуға болады. Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысады. Педконсилиумдардың жұмысын директордың орынбасары үйлестіретін болады.