Елді мекендер табиғи газбен қамтылды

 Елді мекендер табиғи газбен қамтылд

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде халықты хабардар ететін болсам,
Шымкентте 81 елдімекеннің 42-і толық табиғи газбен қамтылған болса, 31-і жартылай, 8-і мүлде қамтылмаған. Қала тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған газ құбырынан көгілдір отын пайдалануда.

Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде.
2022 жылдың соңына дейін;
Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Тұран магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады.
Жыл соңы қорытындысымен 20 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылып, көрсеткішіміз 93%-дан 94,7%-ға өседі.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбайев Байкен Аширбайұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий