
Шымкент қаласының тұрғыны Айдос Әбенов 2021 жылғы мемлекеттік гранттың (200 АЕК) иегері. Ол кәсіп бастауға берілетін қайтарымсыз қаржыға автокөліктерге детейлинг қызметін көрсететін құрал-жабдықтар (арнайы химиялық тазалауға арналған шаңсорғыш, құрғақ тұман, торнадор) сатып алған. Бүгін таңда ол шағын ғана бокста (гараж) көліктерге детейлинг қызметін көрсетіп, табыс тауып отыр.
— Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыдым. Сертификат алдым. Тәуекелге бел буып грантқа өтінім білдірдім. Мақұлдады. Жалпы, грант арманым болып жүрген кәсібімді бастауға көп көмегін тигізді. Өзім сияқты жастарға айтарым, кәсіп бастаңыздар. Мемлекеттің қолдауы бар, — дейді Айдос.
Жалпы, 2021 жылы 786 адамға мемлекеттік грант берілген.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.