ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар мен қалалық ақпараттық-ағартушылық штабы мүшелерінің қатысуымен «Республикалық ветеринариялық зертхана» мемлекеттік кәсіпорынының Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Онлайн шара барысында жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалар шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.
Заңнамалық өзгерістерге кеңінен тоқталған Жани Қамбар заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге үлкен үлесін қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын субсидиялауға қатысты жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгенінен хабардар етті.
Парасаттылық – адам бойындағы ізгі қасиет екенін алға тартқан ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері ұжымдағы адалдық, әділдікке көп көңіл бөлуге шақырды.
Өз кезегінде «Республикалық ветеринариялық зертхана» мемлекеттік кәсіпорынының Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ауыл шаруашылығын субсидиялаудағы мекеменің жұмысына қатысты сұрақтарға жауаптар берді.
Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.

АК ақпарат 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий