Бүгін «AMANAT» мобильді бригадалары Солтүстік Қазақстан облысындағы шалғай елді мекендердің тұрғындарын қабылдады.

◽️Келлеровка ауылында тұрғындар азық-түлік бағасын реттеуді және дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігін қарастыруды және көшге жарық орнатуды сұрады.

«Біздің округтегі ең өзекті мәселенің бірі – Октябрь көшесіндегі жол. Биылдан қалмай жөндеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі деп үміттенеміз», — дейді жергілікті тұрғын Сандуғаш Боранбаева.

◽️Тұрғындардың су жүйелерінің жұмысына қатысты да көптеген шағымдары бар. Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелерінің айтуынша, мұндай мәселелер әрбір ауданда көтеріледі деуге болады. Келлеровкадағы жағдайға келетін болсақ, мұнда орталық сумен жабдықтау ешқашан болған емес, тұрғындар суды арнайы пункттерден сатып алуға мәжбүр.

«Бүгін бізге айтылған сұрақтарды Экология министрлігіне қоямыз. Келлеровкада 2,5 мың адам тұрады және XXI ғасырда суға қатысты осындай проблемалардың болуы, әрине өте қолайсыз жағдай», — деп атап өтті «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий