Бүгін елордада «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері референдум өткізуді қолдау мақсатында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымымен кездесті.

 

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде халықты хабардар ететін болсам
Кездесуге «АМАNАТ» партиясының хатшысы Ринат Кертаевпен қатар Филармония директоры, қалалық мәслихат депутаты Ерлан Дакенов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова, қалалық штаб мүшелері Қанат Естек пен Мәлік Хасенов, өңірлік партия филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Ринат Кертаев өнер иелерінің халық арасында жиі жүретінін, сондықтан алғашқы кездесулердің бірі Мемлекеттік академиялық филармония ұжымынан бастағанын тілге тиек етті.

🔹«Жаңа Қазақстанда өткізілетін референдум барлық өңірге өзгеріс әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, билік пен халықтың арасында жаңа қоғамдық келісім қалыптаспақ. Біріншіден, реформа суперпрезиденттік басқару түрінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға ауысуды көздейді. Еліміздің саяси жүйесінде Парламенттің рөлін күшейту бойынша жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізілуде.Ұсынылып отырған өзгерістер биліктің заң шығарушы тармағының маңызды бөлігін қамтиды. Заң шығару процесінің тиімділігі айтарлықтай артады», – деді Р.Кертаев. Ринат Кертаев

Жиын еркін форматта ұйымдастырылғандықтан өнер иелері өз пікірлерін ортаға салып, референдумды қолдайтындарын жеткізді.

🔹«Бұл референдум халық пен билік арасында алтын көпір болатынына сенемін. Біз балаларға тек домбыраны үйретіп қана қоймай, онымен бірге ұлттық тәрбиені, этиканы, эстетиканы, риториканы, логика мен музыканы бойына сіңіреміз. Осы бойынша «Әл-Фараби жолымен» деген арнайы концепсия да жаздым. Бірақ билік тарапы аса қызығушылық танытпады. Қазіргі жастар эстетиканың төмендігінен филармонияның концерттеріне емес, жеңіл шоуларға құмар. Осы мәселені ескерсеңіздер», – деді дирижер, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

🔹Ал белгілі әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін де, бұдан кейін де «АМАNАТ» партиясымен бірге болатынын айтып, Президенттің бастамасына қолдау білдірді. Оның айтуынша, телеарналарда зияткерлік, танымдық бағдарламаларды көбейту керек. Ал сахнаға шығатын әрбір әнші бұрынғыдай көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп, тек жанды дауыста ән айтса өнердің бәсі артады.

Мәдениет саласының өкілдерінің барлық сұрағына нақты жауап берген Ринат Кертаев алдағы уақытта аталған мәселелерді «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің қарауына ұсынатынын жеткізді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий