Білім нысандарының құрылысы бойынша мәлімет

 

«Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ тарапынанан 2022 жылы 4 300 орынға 11 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылы 6 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы басталғанға дейін жалпы 1 350 орынды құрайтын 4 нысанның қосымша оқу ғимараттары пайдалануға беріледі.
Атап айтқанда:
«Шымкент қаласында 18-ықшам аудандағы № 38 орта мектепке жапсаржай салу» — 375 орын (Мердігер мекеме — «SCS Инжиниринг» ЖШС);
«Шымкент қаласының Нұрсәт ықшамауданында № 80 орта мектепке жапсыра салу құрылысы» — 375 орын (Мердігер мекеме — «Корпорация Ак ордасы» ЖШС);
«Шымкент қаласы, Шаяхметов көшесі бойындағы №46 жалпы білім беру мектебіне қосымша корпус салу» — 300 орын (Мердігер мекеме — «Корпорация Ак ордасы» ЖШС);
«Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесіндегі №47 жалпы білім беретін мектепке қосымша корпусты салу» — 300 орын (Мердігер мекеме «Алтын Констракшн» ЖШС;
Сонымен қатар, жыл қорытындысымен 2 қосымша білім («Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Сайрам тұрғын массивіндегі Ю. Сайрями №5 көш. бойындағы №10 колледжіне оқу корпусының құрылысы», Шымкент қаласы, Б.Майлин көшесіндегі №4 ғимаратта орналасқан балалар шығармашылық орталығының құрылысы») нысаны пайдалануға тапсырылатын болады.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий