БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАСТЫҚ «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

 

Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен өтетін «Ашық микрофон» алаңында Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Рақымбек Жолаев қонақ болды.

Ашық пікірталасқа ұласқан шарада өңірдегі білім беру саласында жиі ұшырасатын жемқорлықтың туындау себебі мен алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ортаға салынды.

Жастар белсене қатысқан ашық алаңда мектептердегі ақша жинау деректері, тексеріс жүргізетін органдар, білім беру саласындағы ашықтық, мектеп директорларын тағайындаудың тәртібі, педагогтың құқығы мен мәртебесі жан-жақты сөз болып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Басқарма басшысы әр сауалға толымды жауап беріп, қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Департаментпен бірлесе атқарып жатқан келелі жұмыстарға тоқталды.

«Ел азаматтарының құқықтық сауаттылығы мен пайым-парасаты қаншалықты жоғары болса, соншалықты сыбайластықтың деңгейі төмендер еді деп ойлаймын»,- деп қорытындылады басқарма басшысы.

Айта кетсек, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінен бастау алған бұл игі жоба тұрақты негізде ұйымдастырылып, өз аудиториясына парасатты тұлғалармен жүргізілген сүбелі сұқбаттар легін ұсынып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий