БОЗАРЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

 

 

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Бозарық шағын ауданына (мектеп жанына) «Кар-Тел» компаниясы тарапынан базалық станция орнатылды. 

 

SpeedTest қосымшасы арқылы тексеру жүргізіліп, интернет жылдамдығы жоғары екені анықталды.

 

Сонымен қатар, қазіргі таңда екінші нүктеге (Қайнарбұлақ саяжай беті) базалық станция орнату үшін жер телімі келісіліп, монтаждау жұмыстары басталуда. Тиісті жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий