БИЫЛ «ТАРАЗДА» ПАРАСАТ КӨШЕСІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ

 

 

Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты «Тараз» шағын ауданында 3 мыңдай тұрғын қоныстанған. 4 балабақша бар. 

 

Шағын аудан ифрақұрылым жүйелерімен, интернетпен толық қамтылған. 

12 көше бар болса, барлығы дерлік орташа жөндеуден өткен. 11 көше жарықтандырылған. Биыл қалған Парасат көшесі жарықтандырылады және жолы қайта жөндеуден өтеді. 

 

Бұл жөнінде қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында аудан әкімі Д.Есілбек баяндады. 

 

Аумақта № 147, 56, 150, 21, 10, 15, 66, 158 бағыттағы автобустар қызмет көрсетеді.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий