БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Loading

Бүгінде Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы ең күрделі мәселелердің бірі – көгілдір отын.

Газ жөнінде тұрғындар тарапынан көптеген сауал түсіп жатыр. Осыған орай, басқарма басшысы тұрғындармен кездесіп, аудан әкімімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 700-ден астам тұрғын үй бар.

2020-2021 ж. аралығында жекеменшік мекеме «Диас Строй» ЖШС тарапынан газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. Нәтижесінде, тұрғын алаптағы 310 үй жекеменшік желіден газ тұтыну үшін келісім шартқа қол қойған.

Қалған 390-ға жуық тұрғын үйді газбен қамту үшін 2022 жылдың соңына дейін ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысын алу жоспарда.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы жүргізіліп, тұрғындар көгілдір отынмен толық қамтылатын болады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий