
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан қаласының әлеуетті дамыту бөлімі және «Түркістан қаласының оқушылар сарайы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет Түркістан төрінде «JAS TALANT» республикалық онлайн-конкурсы өтетінін хабарлаймыз!
⏬Байқау 2021 жылдың 25 сәуір – 15 мамыр аралығында 2 бағыт бойынша: «Өнерлі жас» және «Бармақтар» сайысы түрінде өтпек.
⏬ Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімінің және («ұнату» санының көлемі) негізінде анықталады;
«Өнерлі жас» және «Бармақтар» сайысының Гран-при иегері Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Квотасына ие болады.
(ЖОО түсу үшін,ҰБТ-дан шекті балы кемінде 50 балл болуы тиіс)
Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2021 жылдың 15-мамырына дейін Jas_talant2021@mail.ru поштасына жолдану қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: call centre: +7 776 528 39 39