
Құрылыс мерзімі 2018-2024 жж аралығына жоспарланған бұл жолдың жобалаушы мекемесі «ШымкентКаздорпроект» және «ИгілікСтройПроект».
Жалпы 8 кезеңнен тұрады:
2 кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 4 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі уақытта жер жұмыстары атқарылуда және жұмыс 75% орындалған. 2022жылдың соңына аяқтау жоспарлануда. Мердігер «Отау Строй» ЖШС.
4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар көзделген. Құрылыс жұмыстары 35% орындалды, жолды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мердігер: «Базис-К» ЖШС.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы.