«АҚЖАЙЫҚ» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ҮЙ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Басқарма басшысы шалғайдағы елдімекендерді мобильді интернетпен қамту жұмыстарына тоқталып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Ә. Әбдірахановтың айтуынша, бүгінде қаладағы шағынаудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды.
2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңінде 14 жердің координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Олар – А2 трассасы, әуежай маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Тассай, «Құрсай, Р32 тас жолы, Ынтымақ (Тұрлан), Абдулабад, Забадам, 226 Орам, Асар, Самал-3 және Достық шағын аудандары.
8 нүкте жеке инвестор есебінен, 6 нүкте әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылуда. 8 жер телімінің 2-уіне (Тассай мен Ынтымақ шағынаудандары) антенна-матчталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары басталды. Қалған 6 нүкте бойынша инвестор тарапы жер қазу жұмыстарын жүргізуде.

Жеке нысан иелерімен келісу көзделген 6 нүктенің 2-уіне (Абдулабад, Забадам) базалық станциялар орнатылып, электр энергиясын тарту жұмыстары басталды. Қалған 4 жер телімі бойынша коммерциялық нысан иелерімен келісіліп, монтаждау жұмыстары басталды.
Бұдан бөлек, қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары қолға алынуда. «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Көкбұлақ, Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабел жүргізілді.

Ал «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағынауданына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 200-ден астам үй өтініш беру арқылы жоғары жылдамдықты сапалы интернетке қосылған. Жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд теңге қаржы қарастырылатын болады. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылады. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталды.
Басқарма басшысы осы бағыттағы жұмыстар бойынша тұрғындардың сауалына жауап берді.

АК ақпарат 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий