Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

Loading

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 78-і (1084,9 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) қамтамасыз етілуде.

2022 жылы 7 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыстар) құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м) құрылыс жұмыстары аяқталып 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады.
Бүгінгі таңда, Құрсай ш/а екі кезеңнен тұратын жобаның құрылыс жұмыстары басталып, 40 пайыздам астам су жүйелерінің құрылысы салынды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 5 нысанға бюджеттен 230,0 млн. теңге қаржы қаралып, Асар-2 2-кезек, Нұртас ВС, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданы елді мекендерінің жаңа құрылыс аумақтарының құрылысы мен Текесу елді мекенінің ішкі жүйелерін қайта құру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүруде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий