АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ  

Loading

 

🇰🇿Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Оралов Асхат Раздықұлы Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, ең бірінші қалалық онкологиялық орталығы дәрігерлерімен кездесті. 

 

▫️Жалпы, партия мүшелерінің 9,4%-і – дәрігерлер құрайды. Бұл дегеніміз, 74,4 мыңға жуық адам, ал Шымкент қаласы бойынша 12,3%, яғни 3,8 мың медицина қызметкерлері партия мүшесі болып табылады. Денсаулық сақтау саласына партия әрқашан ерекше назар аударып келеді. Сайлауалды уәделерді орындау аясында 2021 жылы көптеген жұмыстар атқарылды. Өңірлік сайлауалды бағдарлама аясында 7,6 мың адамдық 50-ден астам жаңа медициналық нысан, 2 жаңа инсульт орталығы ашылды. 

 

▫️Биыл 5 медициналық ұйым күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды. 

 

▫️«AMANAT» партиясының Атқарушысы хатшысы Асхат Раздықұлы қалалық онкологиялық орталығындағы ПЭТ (позитронды-эмиссиялы томография) орталығын ашу жұмысымен танысып,

бұл бастамалардың медицина саласындағы нақты проблемаларды шешуге және дені сау ұлт қалыптастыруға серпін беретінін атап өтті.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий