«АМANAT» фракциясының мүшелері Алматы облысында қоғам белсенділерімен кездесу өткізді

Loading

  1. «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелерінің өңірлердегі кездесулері жалғасуда. Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Мақпал Тәжмағамбетова Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды. 

🔹«Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу кезіндегі Екінші республиканың көрініс табуы», — деп атап өтті депутат Мақпал Тәжмағамбетова .

Шара барысында қатысушылар референдумға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

«Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бұл – жай ғана айтыла салған сөз емес. Егер Конституциялық реформа қабылданса, онда саяси жүйемізде елеулі өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер адамдардың өз ойын ашық жеткізе алуына мүмкіндік береді», — деді қоғам белсендісі Мәсім Ақынов.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий