Автомобиль басқармасы жолдары

Loading

 

Қаламызда өңір басшысының қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өтті. Қабылдауға 100-ге жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірді.

Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

Солардың бірі, Самал-1 шағын ауданының көршісінің үйі жолдың жиегіне орналасуына байланысты үйіне кіріп-шығу жолы жабылып қалғанын және үйдің ыңғайсыз орынға орналасқаны үшін сол көшедегі көлік қозғалысына кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

Нәтижесінде бұл азаматтың өтініші бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жол жиегіне ыңғайсыз салынған тұрғын үйді мемлекет мұқтажына алу мәселесін қарастыруда.

Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауға жазылған бірқатар тұрғын жер телімдері бойынша мәселерін көтерді. Сәйкесінше, тұрғындардың өтініштері назарға алынып, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетіні түсіндірілді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий