Автоматты газ реттегіш станция туралы

 

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде халықты хабардар ететін болсам,
қуаты сағатына 250 мың текше метрді құрайтын №3-ші АГРС құрылысы.
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1 «Шымкент», АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды, ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы стансалары 100% жұмыс атқаруда. Табиғи газдың жетіспеушілігін негізге ала отырып «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-лы жобалау-ізденіс жұмыстарын жүргізуге техникалық шартты беруден бас тартуда.
Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтмасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының (әрі қарай-АГРС-3) құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізіп аяқталуда.
Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100% орнатылып және құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалды. Бүгінгі таңда, АГРС-3 нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау және тазалау жұмыстары жүрізілуде. АГРС-3 нысанның газ құбыры табиғи газдың қосу көзі болып табылатын «Бейнеу-Базой Шымкент» магистралдық газ құбырына қосылды. АГРС-3 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарда.
АГРС-3 нысанды 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін іске қосу жоспарға қойылған.
АГРС-3 нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

(94) Қала аумағын толық газбен қамту 92,2 % 2021 жылы 2 магистралдық (АГРС-3 59 шқ ,) және 3 е/м (Достық, Асар-2, Азат) құрылыс жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ (Алтынтөбе, Бадам 195 орам және Кайнар булак 5,8 шқ магистралка) елдімекендері құрылыс жұмыстары аяқталды.
Жыл қорытындысы мен 1 магистралды (АГРС-3 59 шқ ) және 3 е/м (Достық, Асар-2, Азат) құрылысы аяқталып 11 мыңнан аса тұрғынды көгілдір отынмен қамтып, 93 %-ға жеткізужоспарда.

Атқарылып жатқан жұмыстар.
Шымкент қаласының Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Батыс бөлігінде орналасқан шағын аудандарды табиғи газбен қамтамасыз ету және қала бойынша газдың қысымын арттыру мақсатында қуаттылығы 250 000 м3/сағұзындығы 59 шақырымды құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының (әрі қарай-АГРС-3) құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізіп аяқталуда.
1. «ОҚО Шымкент қаласында №3 автоматты газ-реттегіш станция орнатаотырыпбөлінгенжеруческесініңмагистральды газ құбырынжәне ШГРП мен БГП орнатаотырыптартылатын газ құбырын салу» (әрі қарай-АГРС-3) нысаны бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 59 шақырым. Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100% орнатылып және құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалды. Бүгінгі таңда, АГРС-3 нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау және тазалау жұмыстары жүрізілуде. АГРС-3 нысанның газ құбыры табиғи газдың қосу көзі болып табылатын «Бейнеу-Базой Шымкент» магистралдық газ құбырына қосылды. АГРС-3 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарда.
2. «Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабы үшін магистралды газ құбырын салу» нысанының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «МБК Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Ұзындығы 5,8 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалып, аяқталды.
3. «Алтын төбе елді мекені табиғи газ жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Жылуэнергоремонт» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 8,194 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссияның актісі толтырылды. 852 тұрғын табиғи газ жүйелері мен қамтамасыз етілді.
4. «ОҚО Шымкент қаласының Бадам ықшам ауданында (195 орам) газбен жабдықтау желілерін салу» нысанының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС тарапынан жүргізіліп аяқталды. Жалпы ұзындығы 19,9 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссияның актісі толтырылды. 4140 тұрғын сапалы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
5. «Шымкент қаласының Достық ықшам ауданында инженерлік газбен жабдықтау желілерін салу (2-кезек)» нысанының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС тарапынан жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы 46,06 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 98%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарда. 15750 тұрғын сапалы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
6. «Шымкент қаласының Асар-2 шағын ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысы (2-кезең)» нысанының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Отау строй» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 50,04 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалды. 11084 тұрғын сапалы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
7. «Азатш.а. табиғи газ жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ынтымақ-Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 8,9 шақырым. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалды. 2056 тұрғын сапалы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «АМАNAT»партиясының фракция мүшесі Сейітжананов Бақытжан Серікжанұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий