Шымкент: Covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 — симптомды, 2530 — симптомсыз.

Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

– Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов.

24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 — симптомды, 2530 — симптомсыз.

Қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі де сейілмегенін ескертуде. Оған қоса мамандардың алдағы күз айында жаңа толқынның болу мүмкіндігі жайлы дабылын ескерсек, санитарлық нормаларды мейлінше қатаң түрде сақтап, карантин талаптарын ұстану қажет.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий