Шымкент: Орман тұқымбағында егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде

Шымкентте орман тұқымбағында егу жұмыстарына дайындық қызу жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды, Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасай отырып.


Қазір күзгі жиын-терім жұмыстары қызған шақ. Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерімен қатар орманшылар да күзгі тұқым жинау жұмыстарын атқаруда
Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-нің орман тұқымбағында ағаш тұқымын жинау жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгінде талшын ағашының (каштан) тұқымдарын жинау және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 8.2 га орман тұқымбағына емен ағашының тұқымдарын себу және тұқымбақ аумағын жайластыру, суғару жұмыстары басталды. Бүгінге дейін 300 кг емен жаңғағы тұқымы жиналған болатын.

Орманшылардың айтуынша, қыркүйектің ортасынан қазанның ортасына дейін тұқым жиналса, қазанның 20-нан кейін егу жұмыстары басталады.Орманшылардың айтуынша, қазір ауа-райы қолайлы. Жоспарды өз уақытында орындауға толық мүмкіндік бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий