
Жол құрылысы сапасын қамтамасыз ету және осы салаларда жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Ұлттық жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» бірге «Сапалы жол» жобасын жүзеге асырды. Мақсаты — қоғаммен бірлесіп, жол құрылысына тұрақты мониторинг жүргізу болып табылады.
Қала аумағында салынып немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында Департамент және » Ұлттық жол активтері сапасының орталығымен» бірлесе жыл басынан бастап, 11 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 60-қа жуық кемшіліктер анықталып, оның 42 өз шешімін тапты. Қалған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе тұрғындармен кері байланысты орнату мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.Осыған байланысты, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен бірнеше мәселелер өз шешімін тапты. Мәселен, жол сапасына байланысты Абай, Еңбекші аудандарына қарасты Шарайна, Тайманұлы, М.Әуезов көшелерінің сапасына байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, кемшіліктер жойылды.
Қала мектептеріндегі ақша жинау фактілерінің алдын алу, Нұрсәт мөлтек ауданында қатты жауын-шашын кезінде су басқан 3 пәтерді мердігер компаниялармен келіс сөз жүргізу арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат