Шымкент: Есірткіге жол жоқ!

Шымкентте есірткіні жарнамалау деректерін анықтау және жастар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  рейд ұйымдастырылды.


  Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен қала аумағында ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткі құралдарын насихаттау және жарнамалау деректерін анықтау, жастар арасында салауатты өмірс алтын насихаттау мақсатынжа  бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Оның барысында 18 мөлтек аудан, Адырбеков және Ерімбетов көшелерінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына психобелсенді құралдар мен прекусорлардың жарнамасы ретінде салынған 34 граффити-суреттердің мекенжайы анықталып жойылды.
  Сондай-ақ, оларды салған адамдарды анықтау мақсатында жақын орналасқан үй тұрғындарынан, меншік иелері мен жұмысшылардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде департамент қызметкерлерімен есірткі құралдарын интернет желісі арқылы таратумен, сондай-ақ олардың сілтеме парақшаларын граффити-сурет түрінде жарнамалаумен және насихаттаумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Полиция департаменті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар әлі де жалғасатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий