Шымкент: Дін саласына қатысты психологиялық көмектер көрсетіледі

«114 қауірт желісі» — бұл дін саласына қатысты кеңес беретін және  психологиялық көмекке  мұқтаж адамдар үшін тегін сенім телефоны.


Қауірт желіге Сіз келесі жағдайлар бойынша хабарласа аласыз:

  • Егер Сізге ақпараттық және кеңес беру көмегі қажет болса;
  • Егер сіз деструктивті діни ағымдардың ықпалында болсаңыз;
  • Егер Сізге діни сипаттағы проблемаларға байланысты психологиялық және заңды көмек қажет болса;

«Сенім телефонына» қоңырау шалу үшін мына нөмерді теру қажет:

қысқа нөмір: 114 немесе 8(800)-0805-114 (Ұялы телефоннан).

Сондай-ақ, кері қоңырауға тапсырыс бере аласыз немесе мына  веб-сайттан онлайн-кеңес ала аласыз: www.114.kz.

Консультациялар тегін және құпия түрде өтеді. Барлық операторлар білікті дінтанушылар болып табылады және дін тақырыбындағы барлық сұрақтарға сенімді жауап бере алады.

Егер мәселе басқа маманды қажет етсе, оператор сіздің проблемаңыздың сипатын анықтайды және сізді теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстыра алады.

Жедел желі аптасына 7 күн 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайтқа қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз:

114

8 (800)-0805-114 (Ұялы телефоннан)

www.114.kz

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий