Шымкентте 2 мыңға жуық адам «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

Шымкентте 2 мыңға жуық адам «Жастар практикасы»  бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылған.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен Шымкент қаласы бойынша 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Тапсырманы жүзегу асыру бойынша, жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалды деген сөз. Алдағы уақытта да бағдарла аясында қызмет көрсету тоқтамайды.

Айта кету керек, Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр.

Мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін 6 мыңға жуық адамды қоғамдық жұмысқа тарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 283 азамат орналасқан. Бұл тұрғыда жылдық жоспар артығымен орындалғанын айта кеткен жөн.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий