Шымкентте қала әкімінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, қала прокурорының м.а. Н.Сейдалиев, полиция департаменті бастығының м.а. С.Ергешов, әділет департаментінің басшысы Н.Маханбетов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы мен мәслихат хатшылығының өкілдері қатысты.
Келелі жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы атап өткендей сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екендігін және күн тәртібінен түспегендігін айтты. Мегаполис әкімі бүгінгі кеңесте салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Қала әкімінің айтуынша мегаполисте 83 % мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрландырылған, алайда мемлекеттік органдардың басшыларына жыл соңына дейін 100 %-ға жеткізуді тапсырды.
Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Асхат Жұмағали уәкілетті органмен жүзеге асырылатын алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларға тоқталды.
«Алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг болып табылады. Тек ағымдағы жылдың өзінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау және 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік органдарға 100-ге жуық ұсыныс енгізіліп, олардың үштен бірі орындалды» — деді А.Жұмағали.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий