Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ерекше акция өтті

Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ерекше акция өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды.


Елімізде тамыздың үшінші жексенбісі спорт күнін атап өту дәстүрге айналған. Биылғы індетке байланысты Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл мерекені барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ашық алаңшада өткізді. Әр түрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының мүшелері таңертең сағат: 9:00 –де Шымкент қаласы әкімдігі алдындағы алаңшада жиналды. 20-дан астам елімізге танымал спортшылар  таңғы жаттығу жасап, бой сергітті.

«Бұл акция барлық спорт түрлерін танымал ету мен миллиондық Шымкент қаласының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Әсіресе қазіргі пандемияға байланысты  әрбір қала тұрғыны, соның ішінде жастар  спортпен айналысып, имунитеті көтеру қажет «- дейді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Шохан Әбдіхалықов .

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий