Салауатты өмір салты: Шымкентте жаңа ипподром бой көтереді

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Бұл жоба өсіп келе жатқан ұрпақтың ұлттық спортқа деген қызығушылығын  арттырып, салауатты өмір салтын ұстауға шақырады.


Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Еліміздің үшінші мегаполисінде күн сайын жаңа ғимарат, жаңа нысан бой көтеруде. Күн сайын көркейіп, гүлденіп келе жатқан шаһарда енді заманауи стандартқа сай жаңа ипподром бой көтереді.

Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді.

Жобаға сәйкес жаңа нысанда — жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған алаң, жабық мінбер, атқоралар, жабық манеж — шпрингартен, ветеринариялық-профилактикалық бекет, сондай-ақ құрама жемге арналған қоймалар және автотұрақ болады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, қолданыстағы ипподром 1979 жылы пайдалануға берілген. Ондағы ат шабар алаңы 18 гектарды құрайды.

«ANYQ.KZ»ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий